Кәсіпорын

Сіздің аймағыңыздағы Сіздің халықаралық бизнесіңізге арналған сенімді серіктес

Thomas Kurze GmbH компаниясының негізі Гамбург-Бергедорф қаласында қаланды, бірақ осымен 25 жылдан астам уақыт бойы ол Глинде қаласында орналасқан. Орташа көлемді тәуелсіз кәсіпорын ретінде ол Гамбург метрополия-қаласының аймағында сенімді түрде орналасты. Сондықтан біздің философиямыздың негізі әділдік, сенімділік және жоғары сапаға ұмтылыс сияқты дәстүрлі „ганзейлік“ құндылықтар құрайтындығына таң қалмау керек.

Қызметтің барлық түрлерінде біз өзімізді адал және тең құқықты серіктес ретінде көрсетеміз. Біз кез-келген іскерлік байланыста адалдық, жауапкершілік пен құрметті жоғары бағалаймыз және күн сайын жаңа күш-жігерімізбен өз тапсырыскерлерімізге ең үздігін ұсынуға ұмтыламыз.

Өзіміз сататын техникалық өнімді біз совершенствое білеміз және өзіміздің көп жылдық тәжірибемізбен және осы саладағы ноу-хаумен қуана бөлісеміз. Сонымен қатар, біз кәсіби кеңестерге ерекше назар аударамыз және белгілі брендтердің жоғары сапалы өнімдерімен ғана жұмыс жасаймыз, себебі тапсырыскерлердің ұзақ мерзімді келешегі бар қанағатанушылығы – бұл біздің басты мақсатымыз және біздің жауапкершілігіміз.

Төрт онжылдық бойы жоғары бәсекелестікпен нарықта табысты жұмыс жасау артық сөзсіз барлығын түсіндіреді. Алайда біздің қол жеткен жерімізде тоқтап қалатын ойымыз жоқ. Өз тапсырыскерлеріміздің өркендеуі үшін және үнемі дамып жататын халықаралық серіктестік шарттарында біз үнемі жетілу үшін және өз саламыздағы техникалық жаңартпалармен бірлесіп даму үшін біз қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.