өнім түрлері

Өнім түрлері: Жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер

Нақты реттелген логистиканың және осы саладағы көп жылдық ноу-хаудың арқасында Thomas Kurze GmbH компаниясы өз тапсырыскерлеріне жүк көліктеріне арналған әртүрлі қосалқы бөлшектерді үздіксіз және мерзімдерді нақты қадағалау арқылы жеткізеді. Біздің сұрыпталымымызға келесі өнім түрлері кіреді:

КУЗОВ
Капот пен жүксалғыштың ауытқуларын тұншықтырғыштар, капотты ашуға арналған шағын арқандар, отын бәгінің қақпақтары, радиатордың қақпақтары, май құю қылқанының қақпақтары, артқы көрініс әйнектері, әйнек тазартқыштың қылшақтары

ЭЛЕКТРИКА
Реле, қадағалар, ауысытырып-қосқыштар, фаралар, артқы көрініс шамдары, бұрылыстарды сілтегіштер, басқару аспаптары, тұтату шамдары, тұтату орамдары, тұтату кабельдері, тұтатуды бөлгіштің қақпақтары, роторлар, әйнек тазартқыштың моторлары, дыбыстық дабылдар, сиреналар

ҚОЗҒАЛТҚЫШ
Тығыздамалар, төсемелер жиынтықтары, кіргізу және шығару шұралары, сырғанау мойынтіректері, тісті белдіктер, белдіктің тартқыштары, тегершіктер, ауа, отын және май сүзгілері, отын сорғылары, су помпалары, бәсеңдеткіш қақпақшалары

ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ САЛҚЫНДАТУ ЖӘНЕ КОНДИЦИОНЕРЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Сұйықтықтық салқындату радиаторлары, май радиаторлары, кондициялау жүйесінің құрамдастары, жылыту және салқындату жүйесінің құбыршектері, айдағыштар, желдеткіштер, желдеткіштің жалғастырғыштары, желдеткіштің моторлары, дроссельдік ысырмалар, өтемдік бәктер

ТЕЖЕГІШ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ГИДРАВЛИКА
Тежегіш қалыптар, тежегіш қалыптардың қаптамалары, тежегіш құюыршектер, тежегіш цилиндрлер, тежегіш жетектің құбыржолдары, ілінісу сэлектр жетегінің цилиндрі, ілінісу арқаншалары, ілінісу дисктері, ілінісу себеттері

МЕҢГЕРІКПЕН БАСҚАРУ ЖӘНЕ АСПА
Аспаның көлденең тұтқышы, шарлы кардан, меңгерікті тартқыштар, амортизаторлар, құбыршектер, электр жетегіне арналған түтіктер

Сізге басқа топтың қосалқы бөлшегі қажет пе? Біздің тапсырыскерлермен жұмыс жасау жөніндегі қызметімізге жүгініңіз. Біздің тәжірибелі және дәлелденген қызметкерлеріміз қосалқы бөлшектерді сатып алумен байланысты Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.