Тарих

1977 жылғы 25 мамырда

Томас Курце мен Петер Хаберманн бірлесіп Гамбург-Бергердорф қаласында Thomas Kurze GmbH компаниясын ашты. Сол сәттегі қызметтің негізгі бағыты болып жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектерді және ілеспе тауарларды экспорттау болды.

Көп ұзамай қосалқы бөлшектердің сатылымына екінші негізгі қызмет түрі қосылды, бұл – өнеркәсіптік тауарларды экспорттау, әсіресе кеме құрылымы мен мұнай шығаруға арналған құрамдастарды экспорттау.

Осы сәттен бастап кең әртараптандырылған кәсіпорын Thomas Kurze GmbH жоғары бәсекелестік қабілетімен нарықта өзінің сәтті және келешегі зор қызметін бастайды.

1990

Thomas Kurze GmbH Гамбург-Бергердорф қаласынан Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерінің Шторман округындағы Глинде қаласына көшеді. Жаңа өнідірістік орынжайларға қойма қосылады, ол қызметті айтарлықтай жақсартты және жеткізілімдердің тиімділігін арттырды.

Күшейе түсетін интернационалдандырудың әсерімен Thomas Kurze GmbH компаниясының құрылымы айтарлықтай өзгере түсуде.

2013

Орталық Азия аймағында мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарымен өнеркәсіптік тауарлар саласындағы мәмілелер көлемінің артуымен байланысты компания Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан Thomas Kurze Central Asia ЖШС еншілес кәсіпорнын ашады. Директоры болып Қайрат Шойбеков тағайындалды.

Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты Томас Курце бизнестен кеткеннен кейін 2013 жылдың қараша айында компания директорларының бірі болып Оливер Вайманн тағайындалады. 2015 жылдың басында Петер Хаберманн да істерді жүргізуден бас тартады. Компанияның екі негіз қалаушылары онымен акционерлер ретінде байланысты болады. Осылайша 38 жылдан кейін Thomas Kurze GmbH компаниясында ұрпақтардың алғашқы ауысымы орын алды.

Сонымен қатар Thomas Kurze GmbH компаниясы мамандарды дайындаумен айналысады. Осылайша кәсіпорын демографиялық өзгерістермен байланысты сол кездегі кадрлардың жетіспеушілігіне қатысты белсенді әрекет етеді. Кәсіпорынның күнделікті өмірінде „жасару“ тәжірибенің, жаңа ағымның және жаңа идеялардың көп үміт күттіретін және келешегі зор қисындасуын береді. Thomas Kurze GmbH компаниясы болашаққа зор үмітпен қарайды.