Thomas Kurze Central Asia

Thomas Kurze Central Asia ЖШС –
Сіздің өнеркәсіп өнімдеріңіздің халықаралық жеткізушіңіз

1977 жылы кәсіпорынның негізін қалаған сәттен бастап жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектермен бірге Thomas Kurze GmbH компаниясы өнімдерінің сұрыпталымына өнеркәсіптік тауарлар кіреді. 80-ші жылдардың басынан бастап жетекшілік осы бағытты ішкі және халықаралық нарықта зор табыспен үнемі нығайтып, дамытып отырды.

2013 жылы Thomas Kurze Central Asia ЖШС негізінің қалануы Thomas Kurze GmbH компаниясының Қазақстан мен Орталық Азияда өнеркәсіптік тауарлар саласындағы мәмілелері көлемінің үнемі артуымен байланысты. Алматыда орналасқан еншілес кәсіпорын бірінше кезекте осы аймақтың мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды қамтиды, сондай-ақ басқа салалардың кәсіпорындары үшін жеткізуші болып табылады.

Халықаралық аренаға шығу Thomas-Kurze компанияларына артып келе жатқан жаһандастыру жағдайында өзін жақсырақ жайғастыруға көмектесті. Күн сайын олар өзінің осы нарықтағы бәсекелестікке деген жоғары қабілеттігін сенімді түрде дәлелдеп келеді.

 

Қазақстандағы Thomas Kurze Central Asia ЖШС компаниясы келесі жеткізушілерді ұсынады:

Өлшегіш техника, бақылау және технологиялық үрдістердің аспаптарымен жабдықтау
Ashcroft Instruments GmbH
www.ashcroft.eu

Өнеркәсіпке арналған тиімділігі жоғары маркерлер
La-Co Industries Europe S.A.S.
de.markal.com

Құбыршектер, арматура, тиегіш техника және қауіпсіздік техникасы
RS Roman Seliger Armaturenfabrik GmbH
www.rs-seliger.de

Thomas Kurze GmbH компаниясының тарихы туралы көбірек біліңіз.

Thomas Kurze GmbH компаниясының өнеркәсіптік өнімдері туралы толығырақ.